Қоғамдық кеңестің отырысы

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Атбасар ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында аудан әкімі Аманбек Қалжановтың өңірдің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2020 жылға арналған міндеттер туралы есебі тыңдалды..

Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы Т. Р. Боранбаев жүргізді.

Есеп беру барысында өткен жылы ауданда өнеркәсіп, аграрлық және әлеуметтік салалардың дамуының оң серпіні сақталып, Қоғамдық кеңес мүшелеріне жұмыста қолдау көрсеткені үшін алғыс айтылды. Аймақбасшысыаудантұрғындарыныңәл-ауқатынарттырумақсатындаоданәріынтымақтастыққадайынекенінатапөтті.

Аудан әкімі өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады: 2019 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 36,5 млрд.теңгені немесе 2018 жылдың деңгейіне 121% (30,73 млрд. теңге) құрады.

Жалпы, биылғы жылы аудан бойынша білім беру, мәдениет, спорт, жол инфрақұрылымы саласында жалпы сомасы 500 млн. теңгеге 29 әлеуметтік маңызды жоба жүзеге асырылды.

Талқылау барысында ауданда өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және оның тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған үлкен жұмыс атқарылды.

Кездесу қорытындысы бойынша ауданның қоғамдық кеңесі бірауыздан облыс әкімінің есебін мақұлдады және 2019 жылғы атқарушы органдардың жұмысына оң баға берді.

 

Приемная: 8 (716 43) 2-66-09
e-mail: maslihat_atbasar@bk.ru