Новости : Ақпараттық хабарлама

Аудандық мәслихатының депутаты - Зарахов Руслан Аубакировичтің төрағалығымен Атбасар аудандық мәслихатының кезектен тыс, бесінші сессиясы болып өтті.Сессия жұмысына аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, әкімдіктің дербес бөлімдерінің басшылары, Атбасар қаласының, ауыл мен ауылдық округтерінің әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Атбасар аудандық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессияның қарауына 4 мәселе енгізілді.Бірінші мәселе бойынша «Атбасар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С 47/12 «2021-2023 жылдарға арналған Атбасар қаласының, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Атбасар қаласының, Полтавка, Покровка ауылдық округтерінің, Борисовка ауылының әкімдері сөз сөйледі. Екінші мәселе бойынша «Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер учаскесінің құқығын беру жөніндегі аудандық жер комиссиясының құрамын және Ережесін бекіту туралы» сөз сөйлеген «Жер қатынастар бөлімі» ММ басшысы Шәймерден Лұқманұлы Нұртазин.Үшінші мәселе бойынша «Атбасар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 6С 44/8 «Атбасар ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Атбасар ауданының әкімдігі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы Жадыра Сапарханқызы Ақылбаева сөз сөйледі.Төртінші мәселе бойынша «Атбасар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6С 28/2 «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Атбасар аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру бақылау бөлімінің басшысы сөз сөйлеген Қайрат Жомартұлы Қаппасов.Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
и ещё 2 

Приемная: 8 (716 43) 2-66-09
e-mail: maslihat_atbasar@bk.ru