Новости : Ақпараттық хабарлама

Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы Б.Т.Қамбатыров Атбасар ауданының әкімі А.Ә. Қалжановпен өткізген ауыл және ауылдық округ әкімдерімен аппараттық кеңеске қатысты.Атбасар көпбейінді ауруханасының бас дәрігері З.Б.Шаубаев халықты вакцинациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.Сондай-ақ, Атбасар ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Д.Серікпаевтың "Аудан кәсіпорындары мен ұйымдары бөлінісінде жазылу компаниясы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы" баяндамасы тыңдалды. «Атбасар су» ШЖҚ МКК дебиторлық кредиторлық берешегі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» кәсіпорын директоры Д.В.Демченко баяндады.«Бекітілген кестесіне сәйкес ауданының мемлекеттік мекемелерінің құжаттарын мұрағатқа тұрақты сақтауына тапсыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы» - Мариновка мұрағатының директоры А.Б.Ахметов хабарлады.

 

Приемная: 8 (716 43) 2-66-09
e-mail: maslihat_atbasar@bk.ru