Новости : Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз - мидицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Осы бір айтулы мереке қарсаңында адамдардың денсаулығы үшін шаршап - шалдықпай еңбек етіп жүрген Сіздерге алғыс сезімімді білдіремін. Құрметті дәрігерлер қауымы!Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін!Мерекелеріңіз құтты болсын!

Возможно, это изображение (3 человека, ребенок, люди сидят, в помещении и текст «медицина кызметкерлер кγнίмен с днём медицинского работника»)


 

 

Приемная: 8 (716 43) 2-66-09
e-mail: maslihat_atbasar@bk.ru