Новости : Ақпараттық хабарлама

Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы Б.Т. Қамбатыров және аудандық мәслихатының депутаты К.С. Ржевская жұмыс сапарымен Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі Есенгелді ауылына барды. Сапар барысында ауыл округінің әкімі мен жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізілді. Ауылына ауыз суын тарту және жолды жөндеу мәселелері қаралды. Осы мәселелері бойынша бірнеше шешімнің нұсқалары талқыланды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен вакцинациялау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мүмкіндікті пайдалана отырып, жергілікті қоғамдастық өкілдері "Қазпошта" АҚ басшысының орынбасары, аудандық мәслихатының депутаты К.С. Ржевскаяға Есенгелді ауылындағы "Қазпошта" АҚ бөлімшесінің жұмыс уақытына қатысты сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Приемная: 8 (716 43) 2-66-09
e-mail: maslihat_atbasar@bk.ru