Новости : Ақпараттық хабарлама


Бүгін Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы Б.Т. Қамбатыров Атбасар аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясын өткізді.Сессия жұмысына Атбасар ауданының әкімі А.А. Қалжанов, облыстық мәслихаттың депутаты Н.А. Жакишева, Атбасар қаласының, ауыл және ауылдық округтердің әкімдері, әкімдіктің дербес бөлімдерінің басшылары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, "Атбасар қаласының көлік кәсіпорны"ЖШС директоры қатысты. Сессияда келесі мәселелер қаралды: 1. Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7с 12/3 "Атбасар қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Бұл мәселе бойынша Исмаилов Мұрат Есмырзаұлы - Атбасар қаласының әкімі сөз сөйледі. 2. "Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7с 12/5"2022-2024 жылдарға арналған Бастау ауылдық округінің бюджеті туралы "шешіміне өзгерістер енгізу туралы".Қайыржан Азамат - Бастау ауылдық округінің әкімі сөз сөйледі. 3. Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7с 12/16 "Шұңқыркөл ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Ақпарат берген: Шункыркөл ауылдық округінің әкімі Светлана Андреевна Валитова. 4. Атбасар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6С 28/2 "Аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы" және "Атбасар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6С 28/3 "учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы". Осы мәселе бойынша сөз сөйлеген Қаппасов Қайрат Жомартұлы-аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы. 5. "Атбасар қаласында адамдарды тасымалдау бойынша автобус маршруттарының қозғалыс кестесін сақтау туралы"."Атбасар көлік кәсіпорны" ЖШС директоры - Талғатбек Рамазанұлы Шәріпов сөз сөйледі. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды, сәйкес шешімдер бекітілді. 

Приемная: 8 (716 43) 2-66-09
e-mail: maslihat_atbasar@bk.ru