Новости : 2022 жылдың 14 қарашасында Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы Б.Т.Қамбатыров аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының «Депутаттық сағат» отырысын өткізді.


Күн тәртібінде алдағы сессияның мәселелері талқыланды:1. «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеттің, Атбасар қаласының, ауылдардың және ауылдық округтер бюджетінің шешіміне өзгерістер енгізу туралы»».2. «Атбасар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылға көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау немесе тұрғын үй салу беру туралы».Баяндаған: Николайцева Шолпан Болатқызы - «Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.3. «Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/11 «Атбасар ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы».4. «Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».Ақпарат берген: Райле Надежда Сергеевна - «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.5. «Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Покровка ауылын дамыту және салу схемасын (оңайлатылған Бас жоспар) бекіту туралы».6. «Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 7С 5/3 «Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелеріне құқықтар беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».Ақпарат берген: Нұртазин Шаймерден Лұқманұлы - «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. Барлық мәселелер талқыланып, сессияның қарауына енгізілді. 

Приемная: 8 (716 43) 2-66-09
e-mail: maslihat_atbasar@bk.ru