Новости : Ақпараттық хабарлама


2022 жылдың 17 қарашасында Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы Б.Т.Қамбатыров жетінші шақырылымның Атбасар аудандық мәслихатының жиырма бесінші кезектен тыс сессиясын өткізді. Сессия жұмысына Атбасар ауданы әкімі А.Ә.Қалжанов, Атбасар ауданы әкімінің орынбасарлары, Атбасар ауданының әкімі аппаратының басшысы, Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округ әкімдері, «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы, «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы, «Жер қатынастары сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының орынбасары қатысты. Сессияда келесі мәселелер қаралды: 1. Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С 12/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.2. Атбасар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылға көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау немесе тұрғын үй салу беру туралы.Баяндады: «Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы - Николайцева Шолпан Болатқызы.3. Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С 12/3 «Атбасар қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыБаяндады: Атбасар қаласының әкімі - Исмаилов Мұрат Есмырзаұлы;4. Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С 12/4 «Ақан Құрманов ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Баяндады: Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі - Билялова Алтынай Дүйсенқызы;5. Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С 12/5 «Бастау ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Баяндады: Бастау ауылдық округінің әкімі - Қайыржан Азамат.6. Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С 12/6 «Борисовка ауылының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Баяндады: Борисовка ауылының әкімі аппаратының бас маманы - Бойко Марина Анатольевна.7. Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С 12/8 «Мариновка ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Баяндады: Мариновка ауылдық округінің әкімі - Қалиев Жанболат Нұрмұхамбетұлы.8. Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С 12/9 «Новосельское ауылының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Баяндады: Новосельское ауылының әкімі - Поль Юлия Викторовна.9. Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С 12/11 «Полтавка ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Баяндады: Полтавка ауылдық округінің әкімі - Байтурова Гюзаль Дулатқызы.10. Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С 12/12 «Сергеевка ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Баяндады: Сергеевка ауылдық округінің әкімі - Қожахметов Қайрат Қабиденұлы.11. Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С 12/13 «Тельман ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Баяндады: Тельман ауылдық округінің әкімі - Гейдт Оксана Владимировна.12. Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С 12/15 «Сепе ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Баяндады: Сепе ауылдық округінің әкімі - Тасимов Мейрам Жағыпарұлы.13. Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С 12/16 «Шұңқыркөл ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Баяндады: Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі - Валитова Светлана Андреевна.Сонымен қатар: Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/11 «Атбасар ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы», «Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»,«Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Покровка ауылын дамыту және салу схемасын (оңайлатылған Бас жоспар) бекіту туралы», «Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 7С 5/3 «Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелеріне құқықтар беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер қаралып, бекітілді. Барлық қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешім қабылданды. 

Приемная: 8 (716 43) 2-66-09
e-mail: maslihat_atbasar@bk.ru