ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

 

Атбасар аудандық мәслихатының тарихы

 

Жергiлiктi өкiлдi орган «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес атқарушы орган сияқты, тиісті аумақтағы іс жағдайына жауапты, халықтың еркiн бiлдiреді, iске асыру үшiн қажеттi шараларды ғана анықтап қана қоймай, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

1993 жылы 10 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы кеңесі ҚР «Қазақстан Республикасының жергілікті және атқарушы органдары туралы» Заңын қабылдап, оның атауына және жергілікті мемлекеттік органдарының құрылымына өзгерістер енгізді.

Біріншіден, «Халық депутаттарының кеңесі» және «атқарушы комитеттер» деген атаулар селолық, кенттік, ауылдық, аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде жойылды. Бұл атаулар тарихта ғана қалды.

Екіншіден, жергілікті өкілеттік органдар - мәслихаттар, ал жергілікті атқарушы органдар - әкім басшылығымен жергілікті әкімшілік деп аталды.

Үшіншіден, мәслихат пен әкімшілік бірігіп «мемлекеттік басқарудың жергілікті органы» деген ортақ атауға ие болды. Бұл кеңес теориясынан және практикасынан бас тартуды білдірді. Кеңес мемлекетінде Кеңестер өкілеттік органдар сияқты мемлекетік үкімет органдары болып саналды.

Төртіншіден, мәслихаттар және жергілікті әкімшілік ұйымдастыру қатынасында бір-бірінен бөлінді.

Бесіншіден, мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органы емес, өкілеттік органдары болып саналса да, тек мемлекеттік органдары болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конститутциясы 1995 жылы мемлекеттің жергілікті органдарының көрсетілген моделдерін бекітті.

1995 жылғы ҚР жаңа Конституциясының 86 бабындағы 1 тармағында «Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды» деп айтылған. Олардың мәртебесін реттейтін, арнайы заң қабылдау үшін мүмкін жағдайлар құрды.

Сондықтан да мәслихаттар өкілетті органдар сияқты республика Парламентінен тәуелсіз. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Сол түсінікте кез-келген мемлекеттік механизм бөлігінде жергілікті өкілді органдарды белгілейтін бірқатар белгілер келтірілген. Бірінші белгісі бұл сайланбалы. Мәслихаттардың екінші белгісі-олар әкімшілік -аумақтық бірлік халқымен сайланады және сондықтан да олардың өкілді органдары болып табылады. Үшінші белгісі-мәслихаттар тиісті әкімшілік -аумақтық бірлік аумағында тұратын халық еркін білдіреді. Егер көрсетілген үш белгі жергілікті өкілді органдарды құру процесін сипаттайтын болса, онда төртінші белгі олардың қызмет саласына қатысты.

1994 жылы 7 наурызда Қазақстан Республикасында жергілікті өкілді органдарға сайлау өтті - бірінші шақырылымдағы депутаттардың мәслихат-жиналысы (1994-1999г.г.) Бұл Еліміздегі бірінші нағыз бәсекелестік сайлауы болды.

Ауданда 23 сайлау округі құрылып, бірінші шақырылым депутаттарының тиісті саны сайланып, 1994 жылдың 25 наурызында құрылды.

Депутаттық корпус құрамы кең және әр түрлі. Олардың ішінде -ірі кәсіпорын басшылары, ауыл шаруашылық, білім, кәсіподақ және басқа қызметтер қызметкерлері бар.

Сессия келесі бағытта 4 тұрақты және тексеру комиссиясын құрды.

А) депутаттық өкілеттік пен этика мәселелері жөнінде

Б) бюджетті әлеуметтік-экономикалық дамыту, азық-түлік және экология мәселелері жөнінде

В) заңдылық пен құқықтәртібі жөнінде

Г)ардагерлер мен мүгедектер, жастар, денсаулық қорғау, білім мен мәдениет, ұлтаралық қатынас істері жөнінде.

Тұрақты комиссиялар төрағалығына :

  • депутаттық өкілеттік пен этика мәселелері жөнінде №17 Красномаяк сайлау округінің депутаты А.С.Молдыбаев

  • бюджетті әлеуметтік-экономикалық дамыту, азық-түлік және экология мәселелері жөнінде №4 Щуйский сайлау округінің депутаты М.К.Еремин

  • заңдылық пен құқықтәртібі жөнінде №9 Тимашевка сайлау округінің депутаты И.И.Аникеев

  • ардагерлер мен мүгедектер, жастар, денсаулық қорғау, білім мен мәдениет, ұлтаралық қатынас істері жөнінде №21 Митрофановка сайлау округінің депутаты Л.Е.Седельников сайланды.

Тұрақты комиссия төрағалары еліміздегі қоғамдық саяси жағдайларды есепке ала отырып, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың проблемаларына қатысты нақты мәселелерді көздеді, аудандық бюджетті қарастыру мен бекіту методикасын жасап, әлеуметтік бағытқа мұқтаждықты қамтамасыз ететін кіріс бөлігін ұлғайтуға бақылау жасады. Әрине өкілді органның жұмыс барысында болашақ және ағымдағы жұмыс жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Депутаттарда экономика проблемалары болды.Сессияда қарастыруға ауданның экономикасын дамыту жағдайы мен негізгі өнім түрлерін, халық тұтынымындағы тауарларды өндіру және тұрақтандыру бойынша, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жағдайлары туралы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру барысы, аумақтағы экологиялық жағдайды сауықтыру, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, денсаулық қорғау жағдайлары туралы мәселелер енгізілді.

Бұл мәселелерді талқылау өндірістің төменігін, дағдарыс кездегі проблемалардың өзектілігін, күрделілігін куәландырып қана қоймай, кейбір депутаттар әлі де басты мақсат бөлу емес, нарықтық қатынас құру үшін жағдай жасау екенін толық түсінбеді. Осы аудан экономикасын қайта құру кезеңінде халықты әлеуметтік қорғауда көптеген қиындықтар болды, өндіріс төмендеп, инфляция жоғарлады. Жеке сессияларда депутаттар ешқандай да үнемге жатпайтын қоғам өмірінің саласындағы мәселелерді көтерді. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет.

Бірінші шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттары жұмыстарының ерекшелігі, олардың қызметтері жаңа, жас, тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы құрылымының, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру барсындағы жағдайда жұмыс істеуге тура келді.

Өкілді органның жаңа депутаттары ҚР Президенті Н.Назарбаевтың, оның реформа мен түрлену бағытының белсенді жақтаушылары болып, тайынбай, мемлекеттік тапсырмаларды шеше білді.

Депутаттар өз жұмыстарында басты бағытты басшылыққа алды- бұл адамдар, сайлаушылар мүддесін қорғау, міндеттердің балансына қол жеткізу болып табылды, және оның үстіне, құқықтық өрісте және заңдылық рәсімдерде кемістіктер кездесті, кейбір депутаттар бөлігінде өз-ара түсінбеушіліктер болды.

Бірінші шақырылымдағы аудандық мәслихат жұмысында қиындықтар болды, кейбір депутаттарда сайлау алды бағдарламаларында қоғамды қайта құру, әлеуметтік-экономикалық түрленуді жылдамырақ жүзеге асыру идеясын қолдағанмен, өз қызметтері жөнінде күңгірт түсініктері болды.

Ізденіс жолымен, байқау және қате әдістермен бірінші шақырылым депутаттары өз жұмыстарын жасады, нақты саяси жағдайды жаңадан бағалап, ақырындап оңды жолдар тауып, алда болатын шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарының өнімді жұмыстары үшін жағдай жасауға тырысты.

Бірінші шақырылымдағы аудандық мәслихатының жылдарын демократияға өтудің негізгі мақсатымен сипаттауға болады, демократиялық құрылымын шоғырландыру және жетілдіру процесі әлі де алда болды. Мәслихат депутаттары ҚР Парламентінің қызметін ілтипатпен бақылап, атқарушы органдармен бірге жұмыс істеуге үйренді.

2012 жылғы 15 қаңтарда Парламент мәжілісіне және Қазақстан Республикасы мәслихаттарына сайлау өтті, бұл Қазақстан тарихының жаңа саяси есебінің көзі болды, қазір жоғарғы заңдылық органында үш саяси партиясы ұсынылған.

Сайлау алды компаниясының барысында аудандық мәслихатқа 14 депутаттық мандатқа 32 адам ұсынылды, оның 12-і «Нұр Отан» ХДП қоғамдық бірлестігінен және 20 өз кандидатурасын ұсынды. Тіркеуден 32 үміткер өтті.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес сайлау 14 сайлау округі бойынша өтті, онда қажетті жағдайлар жасалып, округтер шекаралары бекітіліп, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары құрылды. Күнтізбелік жоспарларға сәйкес дайындық шаралары өткізілді. Сайлау алды шаралары ашық және жариялы өткізілді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конститутциялық Заңға сәйкес аумақтық сайлау комиссия округтік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде аудандық мәслихатқа сайлаудың қорытындысын жасады.

Аудандық мәслихат сайлауына 36880 сайлаушылардың 32235-і қатысты.

Сайлау барлық 14 округте өтті.

Аудандық мәслихат депутаттығына өткен үміткерлерге берілген дауыстар:

№1 сайлау округі бойынша - Сәдуақасов Мұрат Нұрбекұлы, 1903 немесе 77,45% дауыс берілді.

№2 сайлау округі бойынша - Елисеев Алексей Константинович, 1384 немесе 62,45% дауыс берілді.

№3 сайлау округі бойынша - Тұрқашов Амангелді Қабланбекұлы, 1528 немесе 68,03% дауыс берілді.

№4 сайлау округі бойынша - Махамбетова Тамара Мүтиқызы- 1515 немесе 78,46% дауыс берілді.

№5 сайлау округі бойынша - Муратов Ринат Рауфович - 1694 немесе 76,72% дауыс берілді.

№6 сайлау округі бойынша - Ақсейтова Сәуле Көпбайқызы- 1108 немесе 47,88% дауыс берілді.

№7 сайлау округі бойынша - Исмағұлов Бауыржан Қалиасқарұлы - 1277 немесе 57,32% дауыс берілді.

№8 сайлау округі бойынша - Ерденов Данияр Зейноллаұлы - 1702 немесе 73,90% дауыс берілді.

№9 сайлау округі бойынша - Гофман Виктор Викторович - 1712 немесе 86,90% дауыс берілді.

№10 сайлау округі бойынша - Ивашин Александр Михайлович - 1567 немесе 76,93 % дауыс берілді.

№11 сайлау округі бойынша - Ахметов Абай Бағарұлы - 1981 немесе 82,20% дауыс берілді.

№12 сайлау округі бойынша - Борұмбаев Бағдат Айтжанұлы - 2329 немесе 87,46% дауыс берілді.

№13 сайлау округі бойынша - Қамбатыров Абылай Төлегенұлы - 2089 немесе 85,79%.

№14 сайлау округі бойынша - Безверхова Наталья Андреевна, 2131 немесе 83,73%.

Бесінші шақырылымдағы Атбасар аудандық мәслихатына сайланған депутаттар арасында 11 - ер адам, 3 әйел адам. Ұлттық құрамы бойынша : қазақ -9, орыс-2, неміс, белорус, татар. Жасшамасы бойынша: 35 жасқа дейін -3, 45 жасқа дейін-4, 55 жасқа дейін -4, 60 жасқа дейін-3. білім бойынша: сайланған депутаттар арасында жоғарғы біліммен- 13, орта арнайы біліммен - 1. Педагогтар- 2, дәрігерлер- 2, инженерлер - 5, экономисттер- 2. 13 НДП «Нур Отан»ХДП -нан ұсынылды, бір депутат «Ақжол» партиясынан. Өткен шақырылманан 9 адам қайта сайланды.

Аудандық мәслихаттың сессиясы аудандық мәслихат хатшылығына 1994 жылдан (бірінші шақырылымнан) бастап бінеше рет аудандық мәслихат хатшысы болған Борұмбаев Бағдат Айтжанұлын қайтадан сайлады.

Сесияға енгізілген мәселелерді алдан ала қарастыру, мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға және орындалуына көмек көрсету үшін мәслихатта екі тұрақты комиссия құрылды: 1) Атбасар аудандық мәслихатының бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы, құрамында -7 депутат, 2) Аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері, депутаттық өкілеттік және этика жөніндегі тұрақты комиссиясы, құрамында -6 депутат.

Қоғамдық маңызы бар өзекті мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдардың, бұқаралық ақпараттық құралдар мен ұйымдардың және азаматтардың қатысуымен көпшілік тыңдау өткізіледі.

Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мәслихат шешімдерінің, қабылданған бағдарламалар мен мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының нормативтік актілерінің орындалуын бақылайды. Тұрақты комиссия өзін сайлаған мәслихаттың алдында жауапты және өзінің қызметі туралы жылына кем дегенде бір рет есеп береді.

Аудандық мәслихат депутаттары тұрған жерлері бойынша халықпен жұмыс істеуге аса көңіл аударады. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті бусқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына сәйкес өз округтарының сайлаушылармен үнемі байланыста болулары және оларға мәслихат жұмыстары, тұрақты комиссия жұмыстары және олардың шешімдерін орындауы туралы ақпарат беріп отырулары керек.

Депутаттар үнемі сайлаушылар қабылдауын өткізеді, келіп түскен үндеулерді қарастырады. Сайлаушыларды қабылдау кестеге сәйкес «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізіледі.

Мәслихат сессиясын, оның органдарының отырыс өткізу, оған қарастыруға сұрақтар енгізу мен қарастыру, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметтері туралы есепті тыңдау, депутаттар сұраныстарын қарастыру, дауыс беру тәртіптері, аппарат жұмыстарын жұмысын және басқа процедураларды ұйымдастыру мәселелері сесияда бекітілген мәслихат регламентімен анықталады.

 

 

Приемная: 8 (716 43) 2-66-09
e-mail: maslihat_atbasar@bk.ru